Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада алғаш рет Бочча спортынан республикалық фестиваль өтті

"Тең мүмкіндіктер". Астанада осындай атаумен алғаш рет республикалық фестиваль өтті. Қатысушылар жеңіл атлетика, бочча және эстафеталық жарыстар бойынша бақ сынады. Шараға еліміздің 18 өңірінен 200-ге жуық бала қатысты. Оның үштен бірі -ерекше қажеттіліктері бар балалар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат - әр баланың мүмкіндігін арттыру, қоғамға бейімдеу. Сайыс "Тең мүмкіндіктер әлемі" қоғамдық қоры мен "AMANAT" партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ұйымдастырылды.

ШОЛПАН КАРИНОВА, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктер құру ұстанымын үнемі назардан түсірген емес. "AMANAT" партиясы Мемлекеттік саясаттың қолдаушысы ретінде ең ірі саяси партия ретінде барлық Мемлекеттік шешімдердің алдынғы қатарында. Осы орайда инклюзиялық спорт фестивалі партиямыздың "Кедергісіз келешек" аясында алғаш рет өткізіліп, барлық балаларды, оның ішінде ерекше мүмкіндіктерді ерекше білімді қажет ететін балаларды өздерінің құрдастарымен қатар спорттық шарада бірге сайысуға бас қосуға шақырады.

ЕЛДОС НҰРЛАН, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл республикамызда бірінші рет өтіп отқан іс-шара осы жылдың 18 аймақта іріктеме ойындары өтті. Қазір мінекей Астанада қорытынды ойынына қатысып отырмыз. 900 ге жуық бала болса соның 33 пайызында ерекше қажеттіліктері бар.

Жарыс барысында балалар белсенділік танытып, жеңіске жету үшін бар күш-жігерін салды. Фестиваль жоғары деңгейде өтті

ЕРЛАН АҒЫБАЕВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

Бұл балаларға деген енді тең мүмкіндіктерінде жарыс пайдасы өте көп. Өмірге деген мотивациялары да. Жақсы жарыста бір-бірімен танысады. Баланың өмірге деген көзқарасы өзгереді. Пайдасы көп. Осындай жарыстар көп болса жақсы негізі.

ОМАР АЛПЫСОВ, ҚАТЫСУШЫ:

Қарағандыда бочча спортымен айналысып жүргеніме төрт жыл болды. Мен әлі де қатысқым келеді. Бірінші орын алғым келеді.