Русский Сайттың толық нұсқасы

«Әзірге жоспарымыз жоқ»: Үкімет доллар 600 теңгеге жетсе, не істемек

  • AstanaTV
  • 02 желтоқсан 2024
  • 258

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров үкіметтегі баспасөз конференциясында доллар 600 теңге болған жағдайға жоспар құрылмағанын жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрден журналистер доллар 600 теңге болған жағдайда қандай жоспар құрылғаны туралы сұрақ қойды.

«Үкіметте елдің әлеуметтік-экономикалық жоспары бар. Базалық сценарий бойынша жоспар бар және 500 теңге болғандағы жоспарлар бар. А және Б жоспары бар. Біз жағдайға байланысты жоспар жасаймыз. Ал әзірге доллар 600 теңге болады деген болжам жасап отырған жоқпыз. Біздің жоспарымызда «Б» жоспары ол 500 теңге болды. Доллар 600 болады дегенге жоспар құрмадық. Үкіметтің жоспарлары аясында біз келесі жылы инвестицияны шетелдік валютада сақтауды жоспарлап отырмыз. Ол инвестициялар біздің валюталық нарықтан өтеді. Конвертацияланып, Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады. Біз осылайша, елге валюталық ағынды күшейтеміз», - дейді Байбазаров.

Еске салсақ, 1 доллар сатылымда қазір 530 теңгені құрап отыр.