Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы қоймалардың бірінде жұмысшыны жедел саты басып қалды

  • AstanaTV
  • 03 желтоқсан 2024
  • 176

21 жастағы жігіт алған жарақатынан сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қайғылы оқиға Түрксіб ауданындағы "Norma Logistics" ЖШС қойма кешенінің аумағында болған.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, жұмысшы дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда жедел сатының астында қалып қойған.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Түрксіб аудандық полиция Басқармасы еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Кісі өлімінің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, оқиғаның объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу шаралары кешені жүргізіліп жатыр, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.