Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ауыл аманаты» жобасы қызылордалық кәсіпкердің арманының орындалуына жол ашты

Қызылорда облысында «Ауыл аманаты» жобасының шарапатын көрген азаматтар қатары көбейді. Биылдың өзінде 500-ден аса жоба қаржыландырылған. Төмен пайызбен берілетін несие- жаңадан іс бастағандардың аяққа тұруына үлкен қолдау. Соның нәтижесінде жеке кәсіпкер атанған жанның бірі - Гүлзира Ерниязова. Ол жартылай өнім дайындауды үйдегі асханасынан бастаған. Ал оны кеңейтсем, жұмысымды жандандырсам деген арманына қол жеткізуге «Ауыл аманаты» бағдарламасы жол ашты. Қазір тұтынушыларға 20 түрлі өнім ұсынуда. Айтуынша, сұраныс жоғары. Бүгінде 3 адамды жұмыспен қамтып отырған Гүлзира, алдағы уақытта цехті үлкейтуді жоспарлап отыр.

ГҮЛЗИРА ЕРНИЯЗОВА, КӘСІПКЕР:

Тұрып жатқан жерімізде біз қала емеспізда. Қала болмағаннан кейін бізге кредит алу қиын болды. Содан осы бағдарлама шыққалы үйіміз де өтті, құжаты тез-тез рәсімделді. Төлеуі де 5 жылға бөлгеннен кейін аз пайызбен болған соң мүлде бізге қолайлы.