Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде Алға ауданының тұрғыны сатып жіберген үйіне салық төлеп келген

Ақтөбеде Алға ауданының тұрғыны сегіз жыл бойы сатып жіберген үйіне салық төлеп келген. “Құқықтық көмек” партиялық жобасы аясында ол кәсіби заңгерлерден кеңес алып, мәселесін түбегейлі шешті. Өңірде Аманат партиясы 95 қоғамдық қабылдау өткізген. Оған үш жүзден астам тұрғын түрлі сұрақпен келді. Оның 172-сі оң шешімін тапса, 133 азаматтың өтінішіне заң аясында түсініктеме берілді. Тұрғындар негізінен алиментке қатысты, банкроттық және тұрғын үй құжаттарын ретке келтіру секілді сұрақтармен жиі жүгінетін көрінеді.

АБЗАЛ БАЙДІЛДИН, “ AMANAT” ПАРТИЯСЫ АОФ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:

Қабылдауға келген Алға ауданының тұрғыны 8 жыл бұрын сатып жіберген үйін сатып жіберсе де осы күнге дейін салығын төлеп келген. Салық басқармасына барғанымен мәселе шешілмеген. Кәсіби заңгерлер тұрғынның мәселесін қолға алып, көмек көрсетті.