Русский Сайттың толық нұсқасы

"Риелторлар қулыққа барып, үйдің иесі ретінде хабарлама береді, - заңгер

Пәтерді сатып алатын немесе пұлдайтын болсаңыз реилтордың көмегінсіз бітпейді. Тіпті жалға алатын болсаңыз да кенеше жабысып алады. Олар аяқасты қалай сап ете қалады? Қызмет құнын кім реттейді? Еркелді Тілеуқұл жауап іздеді. 

ЕРКЕЛДІ ТІЛЕУҚҰЛ, ТІЛШІ:

- Екі күннен бері жалға берілетін пәтер таппай отырмын. Ооо мына жерде үй иесі деп тұр екен. Хабарласайын.
- Ало саламатсыз ба? Жарнама бойынша хабарласып тұр едім.
- Саламатсыз ба? Айта беріңіз.
- Үйдің иесісіз бе?
- Жоқ. Риелтормын.
- А онда рақмет!
Саулығын тілеп, қоштасудан басқа амалым жоқ. Екі күнен бері жарнаманы ақтарып, риелторға кезіге бердім. Олардың қызметіне жүгінсем, 30 пайызын төлеуім керек.

Екінші курс студенті Дархан Әлмұрат та мен секілді сенделіп жүр.

ДАРХАН ӘЛМҰРАТ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Риеторлар маған кедергі жасап жатыр деуге де болады. Қожайынға хабарласқанның өзінде, риелторға 30 пайыз беру керексің дейді. Менің тек пәтерге ғана ақшам бар.

15 жылдық жұмыс өтілі бар тәжірибелі маман Алтынай Сейілханованың айтуынша, ақшаның артында түрлі қулыққа баратын риэлторлардан өздері де мезі болыпты.

АЛТЫНАЙ СЕЙІЛХАНОВА, РИЕЛТОР:

Күні кеше түн ортасында бір танысым маған хабарласты. Айтуынша, риэлторлар ақшасын алып, ұшты-күйлі жоқ болған. Не жұмысын істемеді. Не ақшасын қайтармады, - дейді. Келісімге қол қойғанның өзінде, тұтынушы, яғни, жалға алушының мүддесін мүлдем ойламайды. Ойлағандары – өздерінің қара басы.

Өйткені, олар тек табысты ойлайтын көрінеді. Тіпті қулыққа баратындар бар.

ЖАНДОС ТҰЯҚОВ, ЗАҢГЕР:

Олар, пәтердің иесі ретінде хабарлама береді. Заңды немесе заңды емес деп айта алмаймын. Бірақ, нақты риэлторлар тарапынан осындай қулық жүзеге асырылады. Бұл – кез-келген сайттың талаптарын алдау фактісі.

Риелторлардың көмегіне жүгінген кезде келісім шартты мұқият оқу маңызды.