Русский Сайттың толық нұсқасы

Соғым науқаны басталды: баға қандай?

Қыс қаһарына мініп, аяз күшейгенде елімізде соғым науқаны басталады. Табиғаты қатал аймақтардағы ағайын күздікті реттеп, қазір соғымның қамына кіріскен. Батыстағы бұқара биыл ет бағасының жылдағыдан қымбат екенін айтады. Семіз соғым іздеп сарсылғандар көп. Оңтүстікте де баға біршама көтерілген.

ЕРКІН КАРИН, ТІЛШІ:

Күздіктің қамына 10-қазанда кірісетін Ақжайық өңірінде соғым сою желтоқсанда басталады. Жағдайы барлар жаздан бері жемдеген жылқыны таңдап жүріп жықса, көрпесіне қарай көсілгендері сөреден арзан ет іздеп әбігер.

Сара Үмбетьярқызы үйдегі еттің түбі көрінгенде базар аралап табанынан таусылғанын айтады. Сөредегі еттің өзі қалтаға салмақ салғасын, соғым союды кейінге қалдырыпты.

САРА ҮМБЕТЬЯРҚЫЗЫ, ТҰРҒЫН:

Базарға ет іздеп барып едім, жылқының еті 2500 теңге, ол өте қымбат. Мякоть одан жоғары, 4 мыңға барады, 3 мың бірдеме. Биыл ет алған жоқпыз, соғым деген қымбат. Түгел алатын болсаң нормальный жылқыны, 500-600 мың. Одан да жоғары кетеді. Ол ақшаға адам деген машина алып, таксовать етпей ме?

Ал мал баққан ағайынның өз уәжі бар. Өйткені адал еңбекпен бейнеттеніп баққанын арзанға бергісі келмейді. Қазір бұл іс - кірісінен шығысы көп кәсіп.

ҒАББАС ЖАСҰЛАНҰЛЫ, КӘСІПКЕР:

Қожалығымыз бар. Орал қаласы мен арақашықтығы 580 шақырым. Соятын кісіні жалдаймыз мысалға, оның еңбегі бір малды сою үшін 10 мың теңге. Сосын ішек-қарнын аршытуы 10 мың теңге. Төтенше жағдай жариялады, шөп аз болды биылғы жылы. Мысалы, адамдарда бес күн жұмыс істеп, екі күн демалады. Ал мал бағатын кісіде демалыс болмайды. Күн сайын жұмыс, күн сайын малды қарау керек...
ЕРКІН КАРИН, ТІЛШІ:
Былтыр қымбат етке қолы жетпеген оралдықтар ұтыс ұйымдастырған. Өстіп үш мың теңгеге тұтас соғым ұтып алып, қысқы азығын қамдағандар да болды. Бірақ бұл ойын биыл тынышталып қалды. Өйткені бәске тігер биенің бағасы бес жүз мыңның шамасында. Жесең тісіңе, жемесең түсіңе кірер соғымның біздегі жайы осы. Айзада, биыл соғым соясыз ба? Бізді шақырасыз ба?)

АЙЗАДА ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Иә, Еркін! Шымкентке қашан келсең де қазанымыз асулы. Десе де, қысқа баптап соғым сою желтоқсанның ортасына қарай басталады. Оның үстіне солтүстік жақтағыдай қатты аяз болмағандықтан ба, оңтүстікте бүтін малды бір отбасы сойып алатындар некен саяқ. Көпшілік жылқы малын жіліктеп бөліп алады.

Жіліктеп демекші, 1 жілік еттің келісі орташа бағамен - 2500 теңге. Ал базарда 3 мың теңгеден сатылып жатыр. Жылқының сүйексіз еті -3800- 4000. Қазының келісі -4500 теңгеден кем түспейді. Сатушылар бағада өзгеріс жоғын айтады. Ал күнделікті сорпаға көп қолданылатын сиыр еті ұшып тұр. Сүйегі бары -3000 теңге. Бір ай бұрын ол 2500-2600 теңге еді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Біз қаланың ішінде тұрамыз ғой, соймаймыз. Базардан аламыз. Бұрын арзан болғанда 10 -15 келіден алар едік. Қазір 5-6 кило алсақ сол, амалдап жеткіземіз.
- Сорпа-суға сиырдың етін алуға келдім. Етін, аламын, фаршын аламыз. +қыстың күндері бізге жылқыны жіліктеп алған пайдалы. Кемінде екі қазы айналдырып аласың, майың бар, қабырғалары бірге келеді қасында әйтеуір. Молынан бемарал жейсіңда қыстың күні.

Ал ет сатушылар расында алушының азайып кеткенін айтады. Бірі мұны қымбатшылықпен байланыстырса, кейбірі көпшіліктің күн суытқалы соғым сойып, жіліктеп алуға көшеді дейді. Базарда сатылып жатқан қой етінің бағасы да соңғы аптада қымбаттапты.

ШАКИЗАТ ОМАРОВА, ЕТ САТУШЫ:

Соғым етін алғаннан кейін қарапайым халық базардағы етті килограмдап алғысы келмейді де олар...Қыста өздерінің үйіне тұздап, кептіріп алып алады .. бізде негізінен жазда ғой 1-2 кг, чтобы сасымайды, бір күндік тамағына алады да енді

РОЗМАТ ЮЛДАШЕВ, ЕТ САТУШЫ:

2900 теңгеден сатсақ та адамдар ауырсынып жатыр да оны. Сауданың түрі мынау, ет өтпей жатыр қазір бізде и бізден Өзбекстанға ет кетіп жатыр дейді. Сол Өзбекстан бағалары көтеріп, доллар курсы әрі-бері ойнағаннан кейін оларда ет қымбат екен. Мал союға барсақ мал иелері бермейді. 2600 теңгеден беріп жатқан жоқ. Оны алып кеп қаншадан сатамыз? Мына жерде расходымыз бар...

АЙЗАДА ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Бір сөзбен айтқанда, Шымкентте сиыр етінің бағасы жылқыдан кем түспей тұр. Ет алушылар да, етті сатушылар да мұның уақытша қиындық екеніне сенімді. Оның үстіне қысы тым қысқа әрі жылы күнгейде жіліктеп ет алу маусымы көпке созылмайды.