Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев One Water саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды. Президент сапары аясында Дүниежүзілік банк тобының президенті Аджай Бангамен кездесті. Олар өзара арадағы ықпалдастық деңгейіне жоғары баға беріп, тиімді серіктестікті нығайтуға ниет білдірді. Бүгінде Қазақстан қаржы ұйымдарымен бірлесіп 3,5 миллиард доллар болатын бес ірі жобаны іске асырып жатыр. Сонымен қатар Дүниежүзілік банк көлік жолдарын жетілдіру бойынша да қазақстандық жобаға 650 миллион доллар көлемінде қаржы бөлуді көздеп отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты диалогты жандандырып, бірлескен жұмыстың ұзақмерзімді перспективасын айқындау үшін Аджай Банганы Қазақстанға сапармен келуге шақырды.