Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық бұрынғы әйелін шапалақпен салып қалғаны үшін қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 04 желтоқсан 2024
  • 95

Жетісу облысы Алакөл ауданының тұрғыны бұрынғы әйелінің бетінен шапалақпен ұрғаны үшін қамауға алынды.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Достарымен бірге ішімдік ішкен ер адам бұрынғы әйелімен татуласпақ болған. Ол әйелді үйінің кіре берісінде күтіп, оны әңгімеге тартқан. Әңгіме барысында екеуінің арасында жанжал туып, салдарынан ер адам әйелдің бетінен шапалақпен ұрған. Жәбірленуші өзіне қол көтерген бұрынғы күйеуінің үстінен сотқа шағым түсірген.

Алакөл аудандық сотының үкімімен ер адам денсаулыққа жеңіл зиян келтіріп, әйелдің денесін ауыртып, соққыға жыққаны үшін ол 40 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілді. Кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінген ауыл тұрғыны Алакөл ауданы бойынша пробация қызметінің есебіне алынды.

Алайда жазасын өтеуге шыққан алғашқы күні-ақ бұрынғы әйелін көре сала оны балағаттаған. Бұл әрекеті үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алакөл аудандық пробация қызметінің қызметкерлері сотқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасын қамауға алумен ауыстыру туралы ұсыныс жолдады. Нәтижесінде аудандық сот өтінішті қанағаттандырып, орындалмаған 32 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту жазасын сегіз тәулікке қамауға алумен ауыстырды.