Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚХА тарапынан Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлер этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті

  • AstanaTV
  • 16 наурыз 2016
  • 1322

Қарағандыдағы этнобірлестік өкілдері шетелден инвестиция тартпақшы. Іскерлік байланыстар болашақта мәдени бірлестіктер шоғырланған «Достық» үйлерінің аясында өтуі тиіс. Олар мұндай ұсынысты Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткерлермен кездесуде айтты. Этноқауымдастықтар іскерлік байланыстарды шетелдегі қандастарының көмегімен жүзеге асырмақшы. Осылайша, өзге ұлт өкілдері мәдени шаралармен бірге, халықаралық маңызды байланыстарға ат салысуды көздеп отыр.

Ассамблея атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер қарағандылықтардың жетістіктерімен танысып, ұсыныстарын қолдайтындарын білдірді. 

Айжан ҚУАШ