«Нұр
Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалының қоғамдық қабылдауы бірден екі
отбасыға көмек көрсетті. Ирина Томилинаның баспана мәселесін шешіп берсе, Моңғолиядан қоныс аударған көпбалалы
отбасыға партия өкілдері керек-жарағын алып берді.
«Үлбі» медициналық-әлеуметтік орталығынан
Ирина Томилина мен үш жасар ұлына екі бөлме берілді. Балалар үйінің түлегі
болған Ирина бұған дейін көлік жөндеу орнының қосалқы бөлмесін жалдап келіпті.
Наурыз айында оқыс жағдайға тап болып, ауруханаға түскен ұлына жедел операция
жасалған. Қиналған соң жас ана билік партиясынан көмек сұрапты. Партия
өкілдері уақытша тұрақ тауып беріп әрі Иринаның аяқтай алмаған аспаздық
мамандығын жалғастыруға көмектесті.
Ирина Томилина,
Өскемен қаласының тұрғыны:
Менің
оқып мамандық алуыма мүмкіндік туды. Баламды балабақшаға беретін болдым. Алдағы уақытта басыбайлы баспаналы болып,
ұлымды жақсы азамат етіп тәрбиелеуге тырысамын. Оның балалар үйіне түскенін
қаламаймын. Маған көмектескен адамдарға алғысым шексіз.
Ал
Монғолиядан оралған қандасымыз Ромның отбасын «Нұр Отан» партиясының қоғамдық
қабылдау бөлімі өкілдері тұрақты қамқорлығына алды.
Майраш
Екібасова, «Нұр Отан» партиясы Өскемен
қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
Бұл
отбасы қиын жағдайға тап болған. Олардың баспана жайын шешіп бере алмасақ та,
қолымыздан келер көмектен аянып қалмасақ дейміз. "Рахмет үшін" дүкені
осындайда өте көп көмектеседі. Жас ерекшелігі, киім мөлшері болсын. Жалпы
біздің қалада қоғамдық ұйымдар аз емес бізбен жұмыс істейтін. Азаматтарға
титтей де болса, көмектескенге не жетсін?!