Дипломаттар елге оралған соң жұмысқа тұруға міндетті

Дипломаттар елге оралған соң жұмысқа тұруға міндетті

Дипломатиялық қызметкерлер елге оралған соң жұмысқа тұруға міндетті. Мәжіліс дипломатиялық қызмет мәселелері туралы заңды қабылдады. Түзетулер аясында депутаттар халықаралық ұйымдарда мансабын аяқтаған қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғауға бағытталған нормалар әзірледі. 

Енді дипломатиялық қызметте жұмыс істейтін және халықаралық ұйымдарда мансабын аяқтаған қызметкерлер елге оралуға міндеттеледі. Әрі қарай үш ай ішінде конкурстық іріктеу өткізілмей, Сыртқы істер министрлігінде атқарған қызметінен төмен емес лауазымға тағайындалуы тиіс. Бірақ бұл барлығына бірдей қойылған талап емес. Егер қызыметкер халықаралық ұйымға дейін тікелей саяси лауазым атқарған болса, оларға бұл норманың қатысы жоқ.

ӘЛІБЕК БАҚАЕВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

ҚР дипломатиялық қызмет туралы заңынан министрліктің 11 функциясы, 4 артық нақтыланған норма алынып тасталды. Дауға ресми көмек туралы заңының министрлігінің 6 функциясы алынды. ҚР Халықаралық құқықтар туралы заңына құқықтық олқылықты жою мақсатында редакциялық түзту енгізу көзделеді.

Заң жобасында оғаш іс-қылығы үшін жұмыстан шығарылғандар дипломатиялық қызметке қайта орала алады деген норма бар. Енді Қазақстанның халықаралық шарттар жасауын жоспарлауды алып тастау көзделіп отыр. Бұл процесті бірқатар әкімшілік-техникалық іс-қимылды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін электронды халықаралық шарттарды басқару жүйесін енгізу есебінен оңтайландыру ұсынылады. Жаңашылдық қағазбастылықты жойып, олардың жылдамдығын, тиімділігін және ашықтығын қамтамасыз етеді.

АЙГҮЛ ҚҰСПАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл заң жобасы дипломатиялық жүйемізді жаңғыртуға және нығайтуға бағытталған. Қазақстан дипломаттары шет мемлекеттермен ынтымақтастығымызды және еліміздің халықаралық аренада беделін іргелетуде аянбай еңбек етіп келеді. Қазіргі әлемдегі геосаяси жағдайда олар Қазақстанның мүдделерін шетелде қорғаумен қатар, еліміздің тұрақты даму жолында, сауда экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және басқа да маңызды салаларда байланысымыздың нығаюына ықпал етуде.

Заң жобасы бойынша келіп түскен барлық ұсыныстар депутаттардың, мемлекеттік орган өкілдерінің, сондай-ақ Парламентаризм институтының қатысуымен жан-жақты қаралды.