«Ауыл аманаты» жобасының аясында Жамбыл облысында 2023-2024 жылдары 25,5 млрд теңгеге 38 ауылдық округте 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды. 152,2 мың бас мал сатып алынды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін шағын цехтарды, құрылыс, кондитерлік және тігін цехтарын ашуға бақытталған жобаларды қаржыландыру жоспарлануда. 2025 жылы шағын несиемен 1500 адамды қамтамасыз ету жоспарлануда. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңындағы есептік кездесуде осылай деп мәлімдеді.
«Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде суармалы алқаптарды ұлғайту бойынша ауқымды іс-шаралар қабылданды. Атап айтқанда, 2019 жылдан бастап 6 ауданында халықаралық банктердің несиесі есебінен 36,3 млрд теңгеге 2 жоба іске асырылуда. 26,9 млрд теңгесі игеріліп, 608 шақырым 183 канал қайта жаңғыртылды. Нәтижесінде 47,5 мың га суармалы алқаптың сумен қамтылу деңгейі артты», - деді өңір басшысы.