Русский Сайттың толық нұсқасы

Жеті атасын, тегін білмей үйленіп жатқан жастар көп – Нұртөре Жүсіп

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2024
  • 269

Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп ұлтымыздың тектілігін сақтап қалуға кедергі келтіретін жайттарды атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Тектілік – асыл қасиетіміз» тақырыбындағы конференцияда айтты. Сенатордың сөзінше, әлеуметтік желілер санамызды улап, балаларымыздың көзі мен құлағы нашарлаған.

Адам баласының тектілігі шыққан тегі ғана емес, оның жүріс-тұрысы, ойлау жүйесі, мінез-құлқынан көрініп тұрады. Сонымен қатар білім мен тәрбие, адамгершілік қасиеттер, ұлттық құндылықтарды құрметтеу де тектіліктен көрініс табады. Дегенмен, тектілігімізді сақтап қалуға кедергі келтіріп отырған жайттар бар. «Ауруын жасырған өледі» демекші, өкінішке қарай, еліміз ажырасу және суицид бойынша әлемде алдыңғы қатарда тұр. Жеті атасын, тегін білмей үйленіп жатқан жастар көп. Әлеуметтік желілер санамызды улап, балаларымыздың көзі мен құлағы нашарлады. Балаларымыз жапырақтың сыбдырын, бұлақтың сылдырын естімейтін болды. Бұл – бәрімізді де ойландыратын, толғандыруы тиіс өзекті мәселелер. Себебі мұндай жағдайда тектілігімізді сақтап қала аламыз ба деп ойлаудың өзі қорқынышты, - деді Сенат депутаты.