Русский Сайттың толық нұсқасы

Аманаттықтар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үлес қосуда

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қарқынды жүріп жатыр. Оған «АMANAТ» партиясы Қызылорда облыстық филиалы ерекше атсалысуда. Партияның Сырдария аудандық филиалы бүгін «Таза бейсенбі» шарасын ұйымдастырып, кентте тазалық жұмыстарын жүргізді. Оған «Жастар рухы» жастар қанатының еріктілері де қатысты. Олар бірнеше көшені қоқыстан және арықтарды жапырақтардан тазалап шықты. Адамды еңбекке баулитын мұндай бастамаларды жастар қолдайтындарын айтты. 

АҚТӨРЕ ИБРАГИМҰЛЫ, «АMANAТ» ПАРТИЯСЫ СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Партияның аудандағы белсенділері, экобелсенділер, сонымен қатыр тұрғындар өз үлесін қосып, белсенді түрде атсалысуда. Бүгінде бұл іс-шара жалпыхалықтық сипат алды деп айтсақ болады. Өйткені апта сайын тазалық жұмыстарына, жалпы қоғам тазалығын қалыптастыруға аудан белсенді қатысуда.