Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысы Арал ауданының жастары еңбек ардагерлері мен қарттарға қолқабыс қылды

Қызылорда облысы Арал ауданында "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында «Ардағым ардагерім» акциясы өтуде.  Ерікті жастар еңбек ардагерлері мен қарттарға қолқабыс қылды. Олардың аулаларын қоқыстан тазалап, ағаштарды әктеп, қоршауларын сырлап берді. Осылайша үлкенге құрмет көрсеткен жастар, қарялардың батасын алды. Одан бөлек, ауданда «Таза өлке - таза аудан» акциясы өтті. Ауыл тұрғындарына тазалық мәденетін қалыптастыру мақсатында буклеттер мен брошюралар таратылды. Жалпы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы оған 678 мыңнан аса тұрғын қатысып, 25 мың тонна қоқыс шығарылған. 

БЕРІК СҰЛТАНИЯЗОВ, АРАЛ АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Жастар ресурстық орталығының жанынан «Жас толқын» еріктілер клубы құрылған. Сол ерікті жастарымыз әрқашан «Таза Қазақстан» акциясына, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасына осындай белсенділік танытып , қарттарымызға қолкөмектерін беріп, өздерінің көмектерін көрсетуде.