Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Кездесу барысында Президентке одақтың қазіргі жай-күйі және оның одан әрі даму перспективалары, комиссияның қызметіндегі басым бағыттар баяндалды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа 26 желтоқсан күні Санкт-Петербург қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына әзірлік барысы туралы ақпарат берілді.