Русский Сайттың толық нұсқасы

Сенат бюджет туралы заңды қабылдады

Сенат екі жылға арналған нақтыланған бюджет туралы заңды қабылдады. Құжат бұған дейін Мәжіліске қайтарылған еді. Заңда салық түсімдерін азайту және салыққа жатпайтын кірістерді ұлғайту көзделген. Бұдан бөлек, енді Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферт көлемі 2 трлн теңгеге ұлғайтылды. Осылайша, экономиканың өсу қарқыны мен бюджет шығыстарын қаржыландыру жоспарланып отыр. Айта кетейік, салық түсімдерінің азаюына бірнеше себеп бар. Соның бірі сыртқы факторлардың тұрақсыздығы. Ол біріншіден республикалық бюджеттің кіріс бөлігіне теріс әсер етті. 

НҰРЛАН БАЙБАЗАРОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

Корпоративтік табыс салығы бекітілген жоспарға қарағанда 1,1 трлн теңгеге төмендей отырып болжанды. Бұған металдардың белгілі бір түрлеріне бағаның төмендеуі, жекелеген ірі кәсіпорындар бойынша өндіру мен өндіріс көлемінің қысқаруы, осы жылдың төлемдерін өткен жылы алдын ала төлеу әсер етті.