Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлемдегі ең озық әскери ұшақтың бірі Қазақстан Қарулы Күштеріне алынды

Теңдессі жоқ әскери-стратегиялық ұшақ енді Қазақстан Қарулы Күштерінде қызмет етеді.Айрбас-400 М - әскердің логистикалық мүмкіндіктерін арттырып, сарбаздарды, техника мен гуманитарлық жүкті тасымалдау бойынша міндеттерді атқарады. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, еліміздің жер аумағының кеңдігі мен әралуандығына байланысты, осы ұшақ – таптырмас құрал. Себебі, ұшу ұзақтығы мен жүк тасымалдау қабілеттері арттырылған. Жаңа ұшақ сағатына 802 шақырымды еңсеріп, әуеде 12 мың метр биіктікке көтеріледі.

ХОСЕ ЛУИС ДЕ МИГЕЛЬ, "AIRBUS DEFENCE AND SPACE" ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Бірнеше ел өзінің әскери-гуманитарлық миссияларында соңғы 10 жыл бойы пайдаланып келе жатқан ұшақ өз санатында ең үздік деп танылған. Бір өзі тактикалық та, стратегиялық та ұшақтардың жұмысын атқара алады. Біз болашақта Қазақстанмен әріптестікті нығайтып, әуе паркін кеңейтуге қуана келісеміз.