Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық қауіпсіздік қызметі мұнайды заңсыз сатқан бірнеше қылмыстық топты ұстады

  • AstanaTV
  • 17 мамыр 2017
  • 2669

Ұлттық қауіпсіздік қызметі мен Ішкі істер министрлігі Қызылордада арнайы операция өткізді. Олар мұнай және мұнай өнімдерін сатқан бірнеше қылмыстық топтың жолын кескен. Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі таратты. Ұсталғандар арасында Қызылорданың бас көлік прокуроры Нұрлан Серікбаев та бар.

Қызылорда, Тараз және Шымкент қалаларында ведомствоаралық жедел-тергеу топтарының мүшелері бір мезгілде 8 адамды ұстаған. Осы іске қатысты Қызылордадағы «КАИС-сервис», Тараздағы «Қарамай Ойл» ЖШС-інде тінту жүргізіліп, тергеу басталған.

Еске салайық, дәл осындай арнайы операция кезінде Ақтөбе облысында мұнай ұрлап, сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталған еді. Ол кезде "Төрт ағайынды" тобының жетекшісі Еркін Ізбасар мен 12 адам қамауға алынған болатын.