Русский Сайттың толық нұсқасы

Жас қызды зорлап, артынша азаптап өлтірген ер адамға үкім шықты

  • AstanaTV
  • 06 желтоқсан 2024
  • 191

Жетісу облысында 20 жастағы қызды зорлап, азаптап өлтірген ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Судьяның шешімімен сотталушы 25 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу дерегінше, ішімдік алу үшін дүкенге барған Марипов сол маңда бейтаныс бойжеткенді байқап қалып, оны соңынан аңдып, күшпен алып кеткен. Кейіннен қызды қараусыз ғимаратқа апарып зорлап, ауыр зардаптарға әкеп соққан сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасапты. Содан кейін қылмысын жасыру үшін қызды таспен ұрып өлтіріп, қашып кеткен екен.

Ер адамның бұрын да сотталғаны белгілі болды. 38 жастағы сотталушы кінәсін мойындады.

Еске сала кетейік, жантүршігерлік қылмыс осыдан бес ай бұрын болған. Із-түзсіз жоғалып кеткен Паулина Ткаченконы Балпық би ауылының тұрғындары күні-түні іздеп таппай қойған. Тек 2 күннен кейін қыздың мәйіті анықталған.