Атырауда тағы да сібір жарасының белгісі анықталды. Бұл жолы қаладағы ірі «Дина» сауда орталығындағы ет сату павильонына жүргізілген сынамадан оң нәтиже шыққан. Қауіпті ауру белгісі бұл жолы ет сатушының қолындағы пышақтан табылды. Қаланың бас санитарлық дәрігері дереу қаулы шығарып, павильонды жапты. Аумақ дезинфекцияланып, сынамалар сараптама орталығына жіберіліп, тексеріс басталды. Мамандар ауру белгісі бұған дейін жабылған «Асыл агро» мал базарынан сойылып келген еттен болуы мүмкін деп болжап отыр.
АЛТЫНГҮЛ АЙМҰРАТОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Шикі еттерді кесетін пышақтан шықты. Ал Асыл агродан әкелінген еттерден болуы мүмкін. Содан сойылған мал ғой. Қазіргі уақытта толықтай дезинфекция жұмыстары жүргізілді толықтай. Және екінші рет қайтадан сынама алынды. Соның нәтижесі қазіргі таңда теріс. Әрі қарай эпидемиологиялық тергеп тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазір базардағы ет павильонында жұмыс істеген 65 адам дәрігер бақылауына алынған. Мамандар қаладағы өзге сауда орындарында жағдай тұрақты деді. Айта кетейік, аймақта ауру белгісі анықталған бері 65 сауда орынынан 700ге жуық сынама алынған.