Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда әлеуметтік нысандардың құрылысы кешігіп жатыр

Павлодарда 30 медициналық мекеме салынып жатыр. Жоспар бойынша жылдың соңына дейін қолданысқа берілуі керек. Алайда, 3 дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары кешігуде. Үштерек, Құркөл және Мыңкөл ауылдары медпунктсіз қалуы мүмкін. Себебі, бір мердігер 8 бірдей нысанды салуға тендер ұтып алған. Бірақ, оның бір уақытта барлығын салып шығуға шамасы келмейді. Яғни, жұмыс күші жетіспейді. Соның салдарынан осы жылы аяқталуы тиіс медициналық мекемелер келесі жылға қалу ықтималдығы басым. Бұл мәселе «AMANAT» партиясының фракция отырысында көтерілді. 

АСҚАР АЖМҰРАТ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Құрылыс басқармасы, аудан әкімдерімен бірлесіп, бұл 3 нысанның уақытылы аяқталуын бақылауға алдық. Қазір ішкі жұмыстар аяқталды. Жылу берілді. Тек сыртқы абаттандыру жұмыстарын үлгермей қалу қаупі бар. Өйткені, қыс келгендіктен даладағы жұмыстарды істеу мүмкін емес.

30 медициналық мекеменің сегізінде құрылыс жұмыстары аяқталды. 14 медпунктте ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал 5 нысанда құрылыс қарқыны баяу. Десе де, жыл соңына дейін аяқталады - деп жоспарланып отыр. Халық қалаулылары нысандарды уақытылы аяқтауды тапсырды. Олай болмаған жағдайда құрылысшыны жауапсыз мердігер ретінде тану керектігін айтты.