Атырауда да «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында қалада ғана емес, аудандарда да психологиялық және отбасын қолдау орталықтары белсенді жұмыс істейді. Сондай-ақ ана мен баланың қауіпсіз өміріне қатысты түрлі шаралар жиі ұйымдастырылады. Мәселен, «Мен айтамын» дөңгелек үстеліне оқушылар ғана емес, ата-аналар да шақырылған. Мұның маңызы зор: өзекті мәселелермен күресуде ата-ана жауапкершілігін сезіндіру.Зардап шегушінің үнін ести алуға ғана емес, алдын алу, шешу жолын ашық талқылауды көздейді. Балалар мен әйелдерге қатысты зорлық- зомбылық, буллинг, лудомания, ерте жүктілік тақырыбында мамандармен ашық әңгіме айтылды. Комиссия мүшелері оқушылардың мектепке толық құрал-жабдықпен баруынан бастап, қаіпсіз білім алуына дейін қадағалап, тиісті басқармалармен бірлесіп жұмыс жүргізетінін айтады.
АЙЖАН СӘРСЕНБАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АОФ ЖАНЫНДАҒЫ КОМИССИЯ МҮШЕСІ, БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ӨҢІРЛІК УӘКІЛІ:
Қиын жағдайға ұшыраған ана мен балаға қатысты келіп түскен шағым бойынша 150 сенім бойынша тіркелген арыздарды қарастырып, соларға құқықтық әртүрлі кеңестер береді мұның бәрі ақысыз. Бақытты отбасы жобасы нәтижесін көрсетіп отыр. Бұл себебі қазіргі кезде бақытты отбасын құруда психологиялық қолдау орталықтары , отбасын қолдау орталығы әр облыста ашылып жатқан әрбір аудандарда ашылып отырған. Соның бәрі осының аясында жүріп жатқан жұмыс деп ойлаймын.