Президент Қатарға жұмыс сапарымен барды

  • AstanaTV
  • 06 желтоқсан 2024
  • 324
Президент Қатарға жұмыс сапарымен барды

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетіне жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Доха форумының панельдік сессиясына қатысады. Сондай-ақ Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және бірқатар компания басшыларымен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.