Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Павлодар облысына екі күндік жұмыс сапарымен барды

  • AstanaTV
  • 16 наурыз 2016
  • 2650

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс сапары Павлодар облысында жалғасты. Екі күнге жоспарланған іссапар барысында Президент өңірдің бірқатар кәсіпорындарын аралап, әлеуметтік нысандарында болды.

Мемлекет басшысы алдымен нефрология және эферентті терапия орталығына барды. Нысан бүйрек жетіспеушілігіне шалдыққан науқастарға тиісті емшара ұсынатын елдегі ірі диализдік орталық болып табылады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы мұнай коксын қыздыру зауытының жұмысымен танысты.

Павлодар - это мощный индустриальный центр Казахстана. Я люблю сюда приезжать, потому что здесь инженеры, рабочие - всегда в поисках находятся. И потом это производство, на котором вы работаете, очень важно для Казахстана.

Мұнан соң Елбасы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының жатақханасын аралады. Ал ертең Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен еңбек ұжымдарының республикалық форумы өтеді деп жоспарланып отыр.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ