Русский Сайттың толық нұсқасы

Дәрігерлер жүрегі 10 минут соқпай қалған ер адамды құтқарды

  • AstanaTV
  • 07 желтоқсан 2024
  • 292

Шымкенттік дәрігерлер жүрегі 10 минут соқпай қалған науқасты құтқарды, – деп хабарлайды Aykin.kz

"Ер адамның жүрегі 10 минутқа тоқтап, дереу жансақтау бөліміне жатқызылды. Жедел іс-шаралардан кейін дәрігерлер жүрек соғысын қалпына келтіріп, науқасты жасанды тыныс алу аппаратына қосты", – деп жазылған ақпаратта.

Ер адам жағдайы жақсарғанға дейін бес күн нефрологиялық бөлімде болды.

"Дәрігерлердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында науқастың жағдайы жақсарып, қажет емнен кейін үйіне шығарылды", – деді реаниматолог Жасұр Мұхитдинұлы.