Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік Корея парламенті президент Юн Сок Ёльға импичмент жариялай алмады

  • AstanaTV
  • 07 желтоқсан 2024
  • 243

Оңтүстік Корея парламенті президент Юн Сок Ёльға импичмент жариялай алмады. Себебі олар керекті дауыстың жартысын да жинай алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылына сілтеме жасап хабарлайды. 

Президентке импичмент жариялау туралы заң жобасына дауыс беру мүмкін болмады. Шешім қабылдау үшін 300 дауыстың 200-і қажет болған еді. Бірақ билік партиясының парламент мүшелері (оның 108 өкілінің 105-і) дауыс беруден бас тартып, ғимараттан шығып кетті. Нәтижесінде 300 депутаттың 195-і ғана дауыс берді.

Айта кетейік, бұған дейін 3 желтоқсанда Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл елде төтенше әскери жағдай жариялаған еді. Ол бұл шешімнің "мемлекетке қарсы күштерге" бағытталғанын айтқан. Юн Сок Ёльдің айтуынша, ел парламенті мемлекеттік жүйенің жұмысын бұзатын дағдарыс көзіне айналған.

Кейіннен Сеулде төтенше әскери жағдайдың енгізілуіне байланысты қақтығыс болған. Артынша республика парламенті төтенше жағдайды алып тастаған еді. 

Ал бүгін таңертең Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль ел тұрғындарынан әскери жағдай енгізгені үшін кешірім сұраған.