Русский Сайттың толық нұсқасы

“Құралай концерттің алдында пышақтап кеткен“ - Мақпал Жүнісова

  • AstanaTV
  • 07 желтоқсан 2024
  • 273

Әнші Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің қызы Құралай Нұрқаділова концерттің алдында пышақтап кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Ол Дина Төлепбергенге берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

"Мерейдің телефонын Қоразбаев ағадан сұрап алған. Мерейге қоңырау шалып, мазасын ала бастады. Оны маған Мерей айтады. Содан кейін шындықты айтуға тура келді. Оның қызы маған қиянат жасады. Кезінде пышақ салды. Оның бәрі газетке шыққан. Маған пышақ салған адам менің қызымды керемет қылады деп отырсың ба?! Құралай маған пышақ салған. Концерттің алдында Республика сарайының жанында пышақтап кеткен. Ол сол кезде "Вечерний Алматы" деген газетке шыққан. Нұрқаділовтің қызы деп тұрып шықты", - деді әнші. 

Әншінің айтуынша, жарақат қолына тиген. "Тамырдың жанынан кетті, тыртық қалған", - деді өнер иесі.

Мақпал Жүнісова Құралай Нұрқаділованы Заманбек Нұрқаділовтің абыройы үшін кешіргенін айтты.

"Әкесінің абыройын ойлап, оны кешіргенмін. Бірақ ол одан кейін түсінді ме? Өзі кейін сол тақырыпты қозғап, сұхбат беріпті", - дейді әнші.