Бүгін, 8 желтоқсанда Оралда Урдинская көшесінде үй маңында 1989 жылы туған ер адам үш метрлік люкке құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жанынан өтіп бара жатқан адамдар көмек сұраған адамның даусын естіп, 112 қызметіне қоңырау шалған.
Құтқарушылар дереу оқиға орнына барып, альпинистік жабдықтардың көмегімен ер адамды люктен шығарды.
"Зардап шеккен адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды", - делінген хабарламада.