Батыс ақпарат құралдарында Сирия президенті Башар Асадтың ұшақ апатынан қаза тапқаны жайлы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Сирия президенті Башар Асад мінген Сирия Эйр әуе компаниясына тиесілі Ил-76 ұшағы Хомс қаласының маңында радардан жоғалып кетті деген дерек тарады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұшақ 8 желтоқсанда UTC уақыты бойынша сағат 2:00 шамасында Дамаскіден көтеріліп, 40 минуттан кейін радардан жоғалып кеткен. Соңғы сигнал 495 метр биіктікте Рам әл-Анз ауылының ауданында тіркелді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, Асадтың ұшақ апатында қайтыс болуы ықтималдығы өте жоғары. Өйткені ұшақтың неліктен күтпеген жерден басқа бағытқа бұрылып, картадан жоғалып кеткені әлі де белгісіз.