Русский Сайттың толық нұсқасы

Нотр-Дам соборы келушілерге есігін қайтадан ашты

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2024
  • 165

Париждегі әлемге танымал Нотр-Дам-Де-Пари шіркеуі қайта ашылды. 

Салтанатты іс-шараға 1500-ден астам жоғары лауазымды қонақ қатысты. Олардың арасында Франция президенті Эмманюэль Макрон, АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп, АҚШ-тың бірінші ханымы Джилл Байден, Уильям ханзада мен Илон Маск бар. 2019 жылғы алапат өрттен кейін әйгілі шіркеу күрделі жөндеуден өтті. Оны қалпына келтіру жұмыстарына 760 миллион доллар жұмсалып, 250 компания мен 2 мыңнан астам адам атсалысқан. 

Париждің көрнекті орны енді келушілерді қабылдай бастайды. Өртке дейін оны жыл сайын 14 миллион турист барып көрген.

Бұл туралы  24.kz хабарлайды.