Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда 2 адамды өлтірген күдіктінің денесі табылды

  • AstanaTV
  • 09 желтоқсан 2024
  • 98

Қарағандыда ер адам екі адамды өлтіріп, кейін өзі қайтыс болды.

Әлеуметтік желілерде Бұқар жырау даңғылындағы көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінде кісі өлтіру оқиғасы болғаны туралы ақпарат тарады. Үш ер адамның арасында жанжал болған көрінеді. Кикілжіңге қатысқан бір адам таныстарын өлтіріп, оларды сыртынан құлыптап, үйіне кетіп қалған.

Полиция оқиғаның хронологиясын анықтап, күдіктінің жеке басын анықтады. Алайда оны тірідей ұстау мүмкін болмады, ол өз үйінде өлі күйінде табылды.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі кісі өлтіру оқиғасы болғанын растады. Сондай-ақ күдіктінің сол күні анықталғанын, бірақ расымен өлі күйінде табылғанын хабарлады.

“Қызметкерлер сол күні-ақ 30 жастағы күдіктіні анықтап, оны ұстау шараларын қабылдады. Тергеу іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің мәйіті өз пәтерінен табылды. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, оның өліміне улану себеп болған, болжам бойынша дәрі-дәрмек немесе есірткі заттарын қолданған,” – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр,-деп хабарлады turkystan.kz.