Русский Сайттың толық нұсқасы

Магниттер қолданған: Telegram-да есірткі сатқандар қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 09 желтоқсан 2024
  • 270
Коллаж: depositphotos.com

Түркістан облысында синтетика тарататын дүкен анықталды. Бұл іске қатысы барлар ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Telegram-да "Геркулес" атты синтетика тарататын чат-бот дүкен жұмыс істеген.

"Арнайы іс-шаралар нәтижесінде "кладмендер" ұсталып, 3 келі синтетикалық дайын өнім ретінде мефедрон тәркіленді. Бұл деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабымен 2 қылмыстық іс басталып, күдіктілер 2 айға қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, дилерлер синтетикалық есірткіні таратудың жаңа әдісін қолданған.

"Кладмендердің ұялы телефондарын тексеру барысында интернет дүкендерінің бірі арқылы 255 мың теңге тұратын 5 300 магнит тапсырыс берілгені анықталды. Магниттер синтетикалық есірткіні скотчқа орап, металлға жабыстыруға қолданылған", - деп жазылған хабарламада.

Синтетикалық есірткінің 133 миллион теңге тұратын 5 300 дозасы таратылмады. Күдіктілердің мобильді құрылғыларында заңсыз ақша транзакциялары жүзеге асырылатын криптографиялық әмиян табылды.

Бұл іске қатысты да тергеу жүріп жатыр.