Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында киік өлексесінен пастереллез ауруы анықталды

Атырау облысында киік өлексесінен пастереллез ауруы анықталды. Құрманғазы ауданына қарасты Азғыр өңірі халқы киіктің жаппай қырылуына алаңдаған еді. Ауыл тұрғындарының айтуынша, ақбөкен өлексесі ауыл ішінде де, үй маңында да, шаруа қожалықтарының аумағы мен төрт түліктің жайылымында да толып жатыр. Малмен күнелткен ауылдағы ағайын жұқпалы ауру төрт түліктің арасына жайыла ма деп қауіптенеді. Жауаптылар киік қазан айында қырылды, қарашаның соңына дейін жинап алдық деп отыр.

НҰРЛЫБЕК ТӨЛЕПОВ, ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

“Охотзоопром” кәсіпорнына арнайы хатпен шығып, Азғыр, Сүйінік ауылдық округіне арасты елдімекендердің аумағында, өлген киіктердің денелерін жинап алу бағытында ұсыныс жасалып, қазіргі таңда аталған мекемемен екі рет рейдтік жұмыстар ұйымдастырылып, 84 өлген киіктің мүрдесі жинақталып, жою бойынша нақты жұмыстар ұйымдастырылды.