Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордадағы Сарыарқа ауданының тұрғындары көгілдір отынның игілігін көреді

Елордада тағы бір аудан табиғи газға қосылды. Кендала көшесінде газ тарату жұмыстары аяқталды. Қазір ондағы екі көпқабатты үй толықтай көгілдір отын желісіне қосылды. Алдағы уақытта Сарыарқа ауданындағы 30 көше газдандырылады. Яғни, бұл-137 абонент.

"Сарыарқа" магистральді газ құбыры жобасы 2018 жылы бастау алды. Оның бірінші кезеңінің ұзындығы- 1061 шақырым. Ол Қызылорда облысынан басталып, Жезқазған, Қарағанды арқылы Астанаға бағыт алды. Бұл алып магистралдық құбырдың Елордаға жетуінің өзі Қосшы қаласы және Ақмола облысының өзге 8 елдімекені тұрғындарының көгілдір отын игілігін көруіне жол ашты. Енді оған Сарыарқы ауданы қосылды. Бұл жаңалыққа тұрғындар дән риза. Сондай-ақ олар коммуналдық төлемнің бірнеше есе азаятынына да қуанышты.

ВЕРА ЕСИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бүгін біздің көптен күткен қуанышты күніміз. Жылдар бойы күттік.Тәуелсіздік күніне арналған тамаша сый. Осы тұрғын үйде газсыз 14 жыл тұрдық. Өте қиын болды. Біздің тұрғын үйге газ бірінші болып берілді. Себебі мұндағы тұрғындардың көбі зейнеткерлер. Осыны елеп жатқандары үшін Қала әкімдігіне алғысымыз шексіз.

Аталған жоба қаланың инфрақұрылымды жақсарту және халыққа қолайлы жағдай жасау жөніндегі стратегиясының маңызды бөлігі болып саналады. Аймақта табиғи газды іске қосу Астана әкімдігінің, Энергетика министрлігінің, «Qazaq Gaz Aimaq» ЖШС-нің көмегімен жүзеге асырылды. Өтініш келіп түскеннен соң бір жыл ішінде жобаландыру бойынша шешім қабылданып, қажетті жұмыстар қолға алынды.

АБЫЛАЙХАН ОСПАНОВ, "АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКА БАСҚАРМАСЫ" ММ ГАЗДАНДЫРУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Біз жобамызда жеке тұрғын үй секторларын газдындырумен айналысамыз. Көп қабатты тұрғын үйлер болмайтын, Тұрғындардан келіп өтініш түскен соң, бірден жүзеге асырдық. Жұмыс барысында ешқандай қиындықтар болмады. Сондай-ақ алдағы уақытта өрт қауіпсіздігі, экология жағынан ешқандай проблемалар туындамайтын болады.

Құрылыс-монтаж жұмыстары қатаң техникалық қадағалаумен өтті. Барлық жұмыс белгіленген мерзімде аяқталған. Жыл соңына дейін қалған абоненттер де газға қосылады деп күтілуде.

ДАРХАН ҚАМИДОЛЛА, САРЫАРҚА АУДАНЫ ТЫНЫС-ТІРШІЛІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Кендала 8 үйіміздің пәтерлері 18 пәтер болып келеді. Бүгінгі таңда осы 18 пәтердің 14-і қолдануда. Ары қарай төрт квартира жаңағы мердігер үйімен келісім шарттарымен жалғасуда. Ауданымыздың мына аумағына Кеңдала көшесіне көгілдір газы бүгінгі таңда жүз пайызға келді.

Осыған дейін әкімдік газдандырудың екі кезеңінің құрылысын аяқтады: Сарыарқа Көктал-1, Көктал-2, Агроқалашық және Потанин көшесі ауданындағы қаланың ескі бөлігінде тұтынушыларды қосуға мүмкіндік берген екі газдандыру желісінің құрылысын бітірген болатын. Сондай-ақ Алматы ауданы Теміржолшылар вокзалы, Есіл ауданындағы Велла вилдж Куршавель Family Town және т.б. тұрғын үй кешендері бар.