Русский Сайттың толық нұсқасы

Жетісу облысында 13 адамды алдаған әйел сотталды

  • AstanaTV
  • 09 желтоқсан 2024
  • 137

Жетісу облысында бір әйел алаяқтық жасағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бірнеше рет жасаған алаяқты полиция Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен ұстады.

2 жыл бойы өзін банк қызметкеріретінде таныстырған әйел халықтың сеніміне кіріп, оларға ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие және тегін субсидиялар алуға көмектесе алатынын айтқан.

13 адам алаяқтың құрбаны болған, ол 12 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Жетісу облысы прокуратурасы азаматтарды қырағы болуға, гранттар, субсидиялар немесе несиелер алған кезде кездескен мұндай жағдайлар туралы хабарлауға үндеді.