Ақмолалық құтқарушылар коммуналдық қызметтерге көмекке келді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Көкшетауда жылу станциясының қуат кабелінің зақымдануына байланысты 450 абонент жылусыз қалды.
ТЖМ құтқарушылары жылу сорғы станциясының қалыпты жұмыс істеуі үшін жеткілікті электр қуатын беретін көп мақсатты өрт сөндіру-құтқару көлігін қосты.
Ведомство мұндай іс-шаралар жақында өткен "Қыс-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларында пысықталғанын атап өтті.