Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда көпірден секіруге оқталған 17 жасар жасөспірім құтқарылды

  • AstanaTV
  • 09 желтоқсан 2024
  • 241

 Атырауда 17 жасар жасөспірім көпірден секіруге оқталды. Оны полиция қызметкерлері құтқарып қалды, - деп жазды KAZINFORM.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға бүгін, 9 желтоқсанда болған.

«Жедел басқару орталығына Атырау қаласындағы Берғалиев көшесі маңындағы көпірде белгісіз адамның секіргелі тұрғаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жедел жетті. Тәртіп сақшылары көпірден секіруге оқталған адамның 17 жастағы жасөспірім екенін анықтады. Онымен сөйлесіп, райынан қайтарды. Жасөспірім қауіпсіз жерге шығарылып, полиция бөліміне жеткізілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жасөспірімнің көпірден секіруге оқталуына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қазір жедел-тергеу тобы жасөспірімнің бұл әрекетке баруының себептерін жан-жақты тексеріп жатыр.