Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордалық полицейлер синтетикалық есірткі интернет-дүкенінің қызметін тоқтатты

  • AstanaTV
  • 10 желтоқсан 2024
  • 92

Астана қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері елордада есірткінің заңсыз айналымының жолын кесу бойынша сәтті операция жүргізді, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде полицейлер 35 жастағы астаналықтың басқаруындағы Chevrolet cobalt маркалы автокөлікті тоқтатты. Олар көліктен ұнтағы бар 11 дана күдікті затты тапты. Пәтерді тінту кезінде есірткі сататын интернет-дүкеннің жарнамасы бар пластикалық карталар тәркіленді.

Жедел қызметкерлер ер адамның 7 келіден астам есірткі заты табылған және тәркіленген қойманы жалға алғанын анықтады.

Есірткі әлеуметтік желілер арқылы сату үшін сақталған. Қылмыскердің айтуынша, ол есірткі құралдарын бетбелгі арқылы сататын интернет-дүкеннің «қоймасы» болған. Оған қатысты қылмыстық іс тіркелген. Ер адам бәрін мойындап, қамауға алынды.