Русский Сайттың толық нұсқасы

«Бек Эйр» әуе компаниясының 600 жолаушысы жолдан қалды

  • AstanaTV
  • 18 мамыр 2017
  • 3021

Бүгін «Бек Эйр» әуе компаниясының 600 жолаушысы жолдан қалды. Алматы-Атырау, Алматы-Ақтау және Ақтау-Орал бағытындағы рейс тоқтатылды. Оған Астана әуежайында шыққан дау себеп. Алматыға жөндеуге жөнелтілуі тиіс Фоккер-100 ұшағын құқыққорғау органдары көкке көтермеген. Осылай деген «Бек Эйр» директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов компанияны миллиондаған шығынға батырғаны үшін сотқа жүгінетінін мәлімдеді. Дәуренбек Бақдәулет даудың себебін анықтап көрді.

Аспанға көтерілмек болған сәтте тоқтатылған ұшақ осы. Бұған дейін әуе кемесі Ақтөбеге ұшпақ болғанда шассиінен ақау шығып, кері қайтқан. Жолаушылар басқа бортпен кетеді. Ал ақау табылған ұшақ тек Алматыда жөнделеді. Сондықтан тексеріске жіберу жоспарланған. Бірақ көкке көтерілмеді.

Вот сейчас пытаются снять с самолета. Борт, который должен техперелетом должен вылететь пустым. Самолет пустой, только члены экипажа. 

Нұрлан Жұмасұлтанов, «Бек Эйр» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы:

Біз ұшуға рұқсат сұрап едік, көлік прокуратурасының мамандары "ауызша тыйым жасаған" деп рұқсат етпеді. Мұнан соң олар ұшу айлағына келді. Мен "зардап шеккен ешкім жоқ, бәрі дұрыс қой" деп едім, олар "ұшақтың ұшуына тыйым салынған" деді. Бірақ Азаматтық авиация мамандарының рұқсаты болған. Бастысы - сол. Ал әуе кеңістігіне қатысы жоқ бұлар неге тыйым салады, түсініксіз. 

"Бек Эйр" өкілі, ұшақ Алматыға жетіп, жөнделгенде, бірнеше рейсті орындайтын еді, дейді. Бір ұшақ техникалық байқауда болған. Сондықтан ұшақтың мерзімінде жөнделіп, көкке көтерілмеуі 3 бағыттағы 600-ге жуық жолаушыны жолдан қалдырған.

Ольга Ли, жолаушы:

Бүгін рейстің кешігуіне байланысты көптеген шаруа кейінге қалды. Біз Атыраудамыз. Мен әнші Әлішер Кәрімовтың директорымын. Бүгін 2 бірдей концертіміз болмайтын болды. Ал біздің әр концерт кемі 6 мың доллардан, тағы ЭКСПО-ға байланысты кездесулеріміз бар еді. Қазір билеттерді ауыстырдық, кешке басқа компания ұшағымен ұшатын болдық.

"Бек Эйр" компаниясының ақпаратынша, кішігірім ұшақтың 1 сағаты шамамен 10 мың АҚШ долларына тең. Әуе компаниясына келген шығын есептеліп сотқа жолданады, деп күйінді компания басшылығы. Ал көлік прокуратурасы мен ІІД бұл жағдай туралы тіс жармай, мәселені Азаматтық авиацияға сілтеп отыр. Ал, ондағылар бізге жауапты қысқа қайырды.

Мұрат Жұманбай, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі:

Аталмыш оқиға бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Бар жағдай толық зерттеліп болған соң, нәтижесін сіздерге айтатын боламыз.

Министрлік өкілі, әуе кемесінің көкке көтерілуіне рұқсат болды ма, жоқ па, деген сауалды да жауапсыз қалдырды.