Шетелдегі алаяқты жазалау қиын. Ал, оны білмей оларға көмектескен қазақстандық дропперлер жазаға тартылып жатыр. Дроппер деген қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңдастыруға өз банк қосымшасындағы нөмірін айтқан адам. Негізі бұл есірткі сату арқылы табылған ақша. Осындай іспен айналысқан жасөспірімдер жазаға тартылуда. Қаржы Мониторингі Агенттігі осылай деп дабыл қақты. Сол себепті, үлкенді-кішілі барлық оқу орындарында «Тәртіпті өзіңнен баста» акциясы жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, бұл шара "Аманат" партиясының қолдауымен өткізілуде. Одан бөлек, қаржылық пирамидалары түрленіп, айлакерлер түрлі қулыққа барып, халықты қақпанына түсіруде. Келтірілген шығын 20 млрд теңгеге жуық бағаланыпты.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГІ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Алаяқтықтың түрлері көп. Сондықтан, олардың барлығы туралы жіліктеп түсіндіру керек. Мәселен, қаржы пирамидаларының қазіргі кезде құжаттары кез-келген адамды сендіретіндей етіп жасалынады. Инвестиция салуға болмайды деген сөз емес. Бірақ, міндетті түрде, ескеретін жайттар бар. Мысалы, пайданы көрсететін пайыздық көрсеткіш өте жоғары болуы мүмкін. Дропперлер туралы айтсақ, олар жай ғана ақшаны қабылдап, оны шығарып, қайта жіберу операциясы үшін жауапқа тартылады.
НҰРЖІГІТ СҰЛТАНБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:
Қазіргі таңда кибер-алаяқтық пен қаржы пирамидалары белең алып тұр. Осыған орай, Аманат партиясы төрағасының тапсырмасы бойынша, 2024 жылдың басынан бастап, «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы іске асырылып, оның аясында 10 мыңнан астам адам қаржылық сауаттылығын арттырып, дәріс алып, өз беттерімен кәсіп ашып отыр.