Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда аутизм мен Даун синдромы бар 100 ден астам бала футбол секциясына тегін қатысады

"UNI Football League". Астанада осындай атаумен инклюзивті футбол лигасының ашық жаттығуы өтті. Оған аутизм мен Даун синдромы бар 12 бала қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – сапалы спорттық бағдарламаға қолжетімділік жасау және футбол арқылы ерекше даму қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік ортаға бейімдеу. Айта кетейік, бүгінде еліміздің 9 қаласында аутизм мен Даун синдромы бар 100 ден астам бала футбол секциясына тегін қатысады.

ДҮЙСЕНБЕК НҰРМАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Былтырдан бері 2023 жылдың қараша айынан бастап ұлым қатысып келе жатыр осы жобаға. Жоба басталғанна бері біраз прогрестер бар.

ЖҰЛДЫЗ БАСЫБЕКОВА, "FREEDOM ШАПАҒАТ" ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ЖОБА МЕНЕДЖЕРІ:

UNI Football -бірегей жоба. 100-ден астам баланың өмірін өзгертті. Оның ішінде ерекше қажеттілігІ бар балалар да бар. Осында келіп олар жаңа ортамен танысып , достар табады. Сондай-ақ қоғаммен байланыс орнатуды үйренеді.