Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында баласы қарт әкесін ұрып өлтірді

  • AstanaTV
  • 10 желтоқсан 2024
  • 222

Алматы облысында жантүршігерлік қылмыс болды. Ауылдардың бірінде әке мен бала арасындағы жанжал соңы қайғылы аяқталды, – деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары қайтыс болған әкесін туған ұлы жарақаттады деген күдікпен ер адамды ұстады.

Қазір тергеу амалдары басталды.

"Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына жеткізілді", – делінген ақпаратта.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес қосымша ақпарат жария етуге жатпайды.