Русский Сайттың толық нұсқасы

Оқушы қолын сындырып алған: Жамбыл облысында білім басқармасына айыппұл салынды

  • AstanaTV
  • 11 желтоқсан 2024
  • 96

Жамбыл облысында сот оқушы қолын сындырып алғаны үшін білім басқармасына айыппұл салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жауапты қызметкер уәкілетті органдарды болған оқиға туралы хабардар етпегені үшін жауапкершілікке тартылды.

Қазан айында Жамбыл облысындағы мектептердің бірінде оқитын 10-сынып оқушысы қолын сындырып, ауруханаға түскен болатын. Ащыбұлақ аулындағы мектеп оқушылары арасында төбелес болып, салдарынан оқушы зардап шеккен. Полиция қылмыстық кодекстің "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бабы бойынша іс қозғады.

“Құқықбұзушылықтың себептері мен шарттарын жою бойынша шаралар қабылдау үшін аудан әкімдігінің білім бөліміне ұсыныс жолданды, бірақ білім бөлімінің сектор меңгерушісі бір ай ішінде уәкілетті органға қабылданған шаралар туралы хабарламаған. . Сотта ол кінәсін мойындап, белгіленген мерзімде жауап жіберу қажеттілігі туралы білмегенін түсіндірді. Сот оған 10 АЕК – 36 920 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды, деп хабарлады Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі.