Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда Сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай “Ақшаң болса қалтаңда...” комедиясы қойылды

"Ақшаң болса қалтаңда...". Атырауда осындай тақырыпта Сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай спектакль сахналанды. Қойылым қоқыс арасында өмір сүрген екі үйсіз дос арасындағы оқиғамен өрбиді. Күтпеген жерден бір чемодан ақша тауып алып, оны қалай жаратуды талқылайды. Әзіл-қалжыңмен күлкіге қарық қыла отырып, көрерменге ой тастайды. Осындай қыруар ақша кездессе, не істер едім деген еріксіз ойға жетелейді.

ТЕМІРБЕК МҰХТАРОВ, МАХАМБЕТ АТЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

Бұл жерде әркімнің өзінің патша көңілі біледі ғой. Ақшаның алдына келгенде қай жағына кету керектігін. ”Мына ақшаны не істеймін” деп өзінің дүниетанымына байланысты әрекет етеді. Сол айналып келгенде қойылым жүріп-жүріп, оның ішінде ақша болмай шығады ғой ең соңында . Соған дейінгі әрекетінің барлығы бос дүние болып қалпды. Артында бос нәрсе болып қалады. Сондықтан ең бірінші адамгерішілігін жоймау керек адам.

Бұл тақырыпта спекталь қоюды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшылығы ұсынған. Осы арқылы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды мақсат етеді. Қойылым қоғамдағы барлық топ өкілдеріне арналған.

НҰРЛАН ЖАХИН, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Сананы қалыптастыру басты мақсат. Өйткені көптеген жемқорлық тәуекелдері аз, көріністер аз елдер бірінші кезекте халықтың санасын өзгерту, мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударған. Сондықтан біз қазіргі уақытта қудалаумен емес, көбінесе осы халықтың санасы өзгерту, жемқорлықпен кезігіп қалғанда қалай дұрыс шара қабылдай білу деген мәселелерді қозғау басты мақсат.

Қоғамдағы өзекті мәселені көтерілген қойылым көпшілік көңілінен шықты. Департамент басшылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басты бағыттарының бірі ретінде ағарту, халықтың санасын өзгерту бағытындағы шараларды жалғастыра береміз,- деп отыр.