Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы тұрғыны балаларының көзінше есірткі сатқан

  • AstanaTV
  • 11 желтоқсан 2024
  • 115

Алматыда полиция есірткі сатып жүрген Алмалы ауданының 33 жастағы тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның үйін тінту кезінде Альфа атты іздеуші ит ашық-қоңыр және қою жасыл түсті заттар салынған полиэтилен байламдарын тапқан. Ведомство мәліметінше, алматылық кәмелетке толмаған екі баласының көзінше есірткі сатқан.

Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар героин және гашиш есірткілері болып шықты. Есірткі сақтау дерегі тіркелді.

"Әйел қамауға алынды. Қазір есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері күдіктінің шынайы ниетін және қаламызға шөпті жеткізген арнаны анықтап жатыр. Жедел іс-шаралар жалғасып жатыр", – деді Алматы қалалық ПД бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.