Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда камералардың көмегімен 11 айда 312 қылмыс анықталған

  • AstanaTV
  • 11 желтоқсан 2024
  • 122

 Атырау қаласының көшелеріне 3506 бейнебақылау камерасы орнатылған. Көшелерге орнатылған камералармен 11 айда 312 қылмыс, 23,9 мың құқық бұзушылық анықталып отыр, - деп жазды KAZINFORM.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құқық бұзушылардың ұрлық, ұсақ ұрлық, бұзақылық әрекеттері камера түсіп қалған. 

— Жедел басқару орталығы — адамдар көп жиналатын орындарды бақылауға, жаяу полицияның және автопатрульдерінің іс-қимылын үйлестіруге мүмкіндік беретін құрылғы. Орталық қызметкерлері бейнебақылау жүйесін тиімді пайдаланып, жыл басынан бергі 11 айда 23 мың 978 құқық бұзушылықтың анықталуына атсалысты. Түрлі санаттағы 312 қылмыс анықталып отыр. Көшелердегі камералармен анықталған қылмыстардың арасында ұрлық, ұсақ ұрлық, бұзақылық бар. Камера арқылы жиі тіркелетін әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірі — алкогольдік ішімдіктерді пайдаланған күйде көлік жүргізу, көшеде, қоғамдық орындарда мас күйінде жүру, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, «Interceptor» жүйесі арқылы әкімшілік айыппұлдарды төлемей жүрген 3876 борышкер ұсталған. Ал арнайы тұраққа борышкерлердің 1333 көлігі қойылған. 

Ал «Сергек-Қорғау» жүйесімен 28945 құқық бұзушылық тіркелген. Айыппұлға қатысты 19477 нұсқама берілген.