Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Ол Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Сабыр Сайлаубекұлы Есімбеков Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев
Туған жері: 1967 жылы 8 маусымда Жамбыл облысының Тараз қаласында дүниеге келген;
Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (1989 ж.), М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институтында (1992 ж.), сондай-ақ Жапон тілі институтында (1994 ж.) білім алған.
Өзінің дипломатиялық қызметін 1992 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінде бастап, Азия және Африка департаментінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
1997-2003 жылдары Қазақстанның Жапониядағы елшілігінің екінші, бірінші хатшысы, одан кейін кеңесшісі қызметтерін атқарды. 2004-2008 жылдары ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры болды.
2008 жылы Қазақстанның Сингапурдағы тұңғыш елшісі болып тағайындалды.
2008-2016 жылдары ҚР Аустралиядағы және Жаңа Зеландиядағы елшісі қызметін қоса атқарды.
2015-2016 жылдары - штаб-пәтері Сингапурда орналасқан Азия-Еуропа (ASEF) қорындағы ҚР Тұрақты өкілі.
Қазақстанның Грекиядағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2016 жылдан бері Қазақстанның Жапониядағы елшісі қызметін атқарды.
2021 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды.
Төтенше және Өкілетті елші дипломатиялық дәрежесіне ие.