Русский Сайттың толық нұсқасы

Маймылдар шабуылы: Вьетнамнан оралған тұрғындар шұғыл екпе салды

  • AstanaTV
  • 12 желтоқсан 2024
  • 128

Тайланд және Вьетнамға барған Қостанай облысының 3 тұрғынына маймылдар шабуылдаған. Олар елге орала салысымен вакцина салды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Себебі адамды тістеген жануарлар да құтырма ауруына шалдығуы мүмкін. Азаматтар бас-аяғы 5 екпе қабылдауы тиіс. Тілге тиек ерер жайт, экскурсия кезінде туристерге приматтардан келетін қауіп деңгейі жоғары екені жиі айтылады. Сондықтан олардың назарын аудармау үшін, жылтырақ заттарды тақпау, ұялы телефон мен фотоаппараттарды алысырақ ұстау қажет.

Еске салайық, құтырма ауруы – қауіпті инфекциялар қатарына енеді. Жануар тістесе немесе тырнаса аталмыш дерт адамға жұғуы мүмкін.

"Жануар шабуылдаған кезде, сілекейі тисе, тырнаса бірден сол орынды кем дегенде 15 минут сумен сабындап жуу керек. Алғашқы медициналық көмек пен вакцина алу үшін травматологиялық пунктке баруы қажет. Мекеме кез келген уақытта ашық тұрады және вакциналау тегін жүргізіледі", – деді Қостанай облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Әсел Баймұхаметова.